Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық спортшылар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Жарияланған күні:

Түркістандық ескекшілер
Түркістандық ескекшілер. Фото: instagram.com/turkistan_sport

Түркістан облысының спортшылары академиялық ескек есуден Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында 6 медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық спорт басқармасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

10-13 қазан аралығында өткен жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасынан 35 спортшы сынға түссе, оның 12-сі Түркістан облысының өкілдері болды.

W8+ командалық сайыста түркістандық Мария Лебедева, Ангела Полянина, Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова күміс медаль иеленді.

Ал LW4x бағдарламасында Кеңес Роза күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ қола жүлдегерлер қатарында Әділет Керімбек (LM2x), Қуаныш Бекбембетов (LM4-), Ангела Полянина, Мелани Жакупова (В4-), Галкин Владислав, (M4x) Чернухин Иван сынды таланттар бар.

Еске салайық, шілдеде Түркістан облысының ескекшілері Қазақстан чемпионатында 57 медаль олжалаған еді. Команда 21 алтын, 15 күміс және 21 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орынға жайғасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2173782-turkistandyq-eskekshiler-aziia-chempionatynda-6-medal-zhengip-aldy/