Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін керек еді": Абат Айымбетовтың анасы ұлының үйленгенін күтіп жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Абат Айымбетов
Абат Айымбетов. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің анасы баласының қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі Aladop арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Абат Айымбетовтың әкесі ұлының қазіргі ойынына баға беріп, Түркиядағы мансабына қатысты пікір білдірді.

"Футболшы болған соң кемшілігі болады ғой. Оны айтып та жатамыз. Оны былай-былай деп айтқан күннің өзінде дәл сол нәрсені ойында жасау өте қиын. Әркім әртүрлі ойнайды. Оның үстіне, ол жарақатынан енді айығып жатыр. Сондықтан қазір қолынан келгенше ойнап жүр. Қазақстанға қарағанда Түркияда ол өз қабілеттерін жетілдіріп жатыр деп ойлаймын", - деді Абат Айымбетовтің әкесі.

Ал футболшының анасы Абаттың қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді.

"Өзім де осы сұраққа жауап таба алмай жүрмін. Маған да келін керек еді. Әлі болмай жатыр", - деді футболшының анасы.

Абат Айымбетов биылғы жылдың ақпанында Түркия Суперлигасының клубы "Адана Демирспорға" ауысқан болатын.

Айта кетейік, кеше, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2173899-kelin-kerek-edi-abat-aiymbetovtyng-anasy-ulynyng-uilengenin-kutip-zhurgenin-aitty/