Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық студент самбо күресінен әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Еркебұлан Ахат
Еркебұлан Ахат. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Түркістандық студент Еркебұлан Ахат жастар арасында самбо күресінен өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR облыс әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Байрақты бәсеке 11-13 қазан аралығында Кипр мемлекетіндегі Ларнака қаласында болған. Айтулы додада бақ сынаған түркістандық бозбала Еркебұлан Ахат 58 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсылыс шақ келтірмей чемпион атанды.

Еркебұлан Ахат – Cарыағаш ауданына қарасты Ақниет елді мекеніндегі №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ІІІ курста оқиды. Ол самбо күресінен білікті бапкер Жанәділ Алдияровтан тәлім алған.

Еске салайық, Түркістан облысының спортшылары академиялық ескек есуден Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында 6 медаль еншілеген еді. Оның екеуі күміс, бесеуі қола жүлде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2174115-turkistandyq-student-sambo-kuresinen-alem-chempiony-atandy/