"Астана" баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасы аясында жетінші матч қатарынан жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше, 15 қазанда елордалық "Астана" баскетбол клубы ресейлік "УНИКС" командасымен кездесті. Қонақта өткен кездесуде астаналық ұжым 81:97 есебімен жеңіліс тапты.
Ойынның бірінші кезеңі тең аяқталды, қос команда да 15 ұпай жинады. Екінші кезеңде алаң иелері қазақстандық клубтан бір ұпай ғана (25:24) алда болды. Үшінші кезеңде астаналықтар басым түсті (25:27). Бірақ төртінші кезеңде алаң иелері 15:32 есебімен басым түсті.
ВТБ бірыңғай лигасының биылғы маусымында 12 команда бақ сынап жатыр. "Астана" баскетбол клубы бұған дейін өткізген 7 ойынының бәрінде жеңіліске ұшырап, турнир кестесінің соңғы орнында келеді.
Айта кетейік, "Астана" баскетбол клубының келесі қарсыласы "Самара" командасы болады. Бұл ойын 19 қазанда сағат 16:00-де басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2174799-astana-basketbol-kluby-vtb-birynggai-ligasynda-zhetinshi-match-qatarynan-zhengiliske-ushyrady/