Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Станислав Черчесовке салынған айыппұл мөлшері қандай: ҚФФ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке айыппұл салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған еді.

Кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов мәжілістегі "дөңгелек үстелде" бас бапкерге ескерту жасағанын және оған айыппұл салынғанын айтты.

Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясынан айыппұлға қатысты жауап алды. ҚФФ-ның баспасөз қызметі айыппұлдың мөлшері 200 АЕК (738 400 теңге) екенін және оны Қазақстан футбол федерациясы салғанын айтты.

Айта кетейік, бұл оқиға 13 қазанда Алматыда өткен Қазақстан – Словения матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында болған. Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске бас бапкер: "Сен французша сөйлеп отырсың ба?" - деп тіл қатқан. "Негізі бұл сұрақты Францияның "ПСЖ" клубының формасын киіп алған қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2175338-stanislav-cherchesovke-salyngan-aiyppul-molsheri-qandai-qff-okili-zhauap-berdi/