Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімі дзюдодан әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерін марапаттады

Жарияланған күні:

Шымкент әкімі дзюдодан әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерін марапаттады
Шымкент әкімі дзюдодан әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегерін марапаттады. Фото: facebook.com/rsk.shymkent

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасында дзюдодан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Талғат Орынбасар мен оның жаттықтырушысы Самат Сапишевпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Душанбеде өткен дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Талғат Орынбасар қола медальға ие болған еді. Ол жұбаныш финалында әзербайжандық Низами Имрановпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. Бұл шымкенттік спортшының жастар арасындағы әлемдік жарыста еншілеген үшінші жүлдесі болып отыр.

Қала әкімі спортшы мен оның жаттықтырушысын құттықтап, алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.

"Алдағы уақытта өз тарапымыздан спортшыларымызды қолдауды жалғастыра отырып, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасаймыз. Сонымен қатар қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартатын боламы", - деді Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, Талғат Орынбасар 2022 жылы Босния-Герцеговинаның Сараево қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 кг салмақта қола жүлдегер атанса, 2023 жылы Португалияның Одивелаш қаласында болған тағы бір әлем біріншілігінде 60 кг салмақта қола медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар ол Азия чемпионатының және кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2177253-shymkent-akimi-dziudodan-alem-chempionatynyng-ush-durkin-zhuldegerin-marapattady/