Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек әкімдік берген пәтердің кілтін әлі алмағанын айтты

Жарияланған күні:

Ақмарал Науатбек пен Жеңіс Қасымбек
Ақмарал Науатбек пен Жеңіс Қасымбек. Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы, дзюдошы Ақмарал Науатбек "Жетінші арнаның" "Late Night Show" бағдарламасына берген сұқбатында өзіне табысталған сыйлықтар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қыркүйекте Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Спортшының айтуынша, пәтердің кілті әлі берілмеген.

"Пәтердің кілтін әлі алмадым. Қандай тұрғын үй кешенінен берілетіні де белгісіз. Биыл беріледі деп үміттенемін", - деді Ақмарал Науатбек.

Пәтерден бөлек спортшыға 30 млн теңге берілген. Спортшы ол ақшаның есепшотына түскенін жеткізді. Одан кейін мемлекеттен берілуі тиіс 250 мың доллар туралы сөз қозғады.

"Жақын арада аламыз деп ойлаймын. Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне бұл сыйақы бір уақытта берілетін шығар", - деді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында сынға түсіп, финалда франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2180744-paralimpiada-chempiony-aqmaral-nauatbek-akimdik-bergen-paterding-kiltin-ali-almaganyn-aitty/