Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

35 жастағы футболшыға матч кезінде найзағай түсіп, алаңда қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: Alex Gottschalk/DeFodi Images via Getty Images

Перуде футболшы Хосе Уго де ла Крус Меса матч кезінде найзағай соғып, 35 жасында қайтыс болды. Тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Marca басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, оқиға Уанкайо (Перу) қаласында өткен "Хувентуд Беллависта" және "Фамилия Чокка" клубтары арасындағы матчтың 23-минутында болған. Ойын кезінде дауыл басталған соң матч уақытша тоқталған кезде алаңға найзағай түскен.

Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда футболшы Де ла Круз Меза жарақатынан соң бірден көз жұмды. Ал қақпашы Хуан Чоканы қатты күйік шалып, ауыр жағдайда жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұл өңірде футбол алаңына найзағай түсуі бірінші рет болып тұрған жоқ. 2014 жылы "Спорт Агила" командасының ойыншысы Жоао Контрерасті найзаған соққан еді. Бірақ футболшы аман қалды.

Биыл шілдеде эквадорлық "Барселона" футбол клубының ойыншысы Джастин Корнехо 20 жасында қайтыс болған еді. Спортшы басын соғып алып, есінен танып қалған. Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, сол жақта көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2182707-35-zhastagy-futbolshyga-match-kezinde-naizagai-tusip-alangda-qaza-tapty-video/