Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аналық безі мен жатыры жоқ": алжирлік боксшы тағы да даудың астында қалды

Жарияланған күні:

Иман Хелиф
Иман Хелиф. Фото: Richard Pelham/Getty Images

4 қарашада Париж Олимпиадасының чемпионы Иман Хелифке қатысты даулы ақпарат БАҚ беттерінде жариялады. Ақпаратта алжирлік боксшының биологиялық ер адам екенін растайтын медициналық құжаттардың деректері тараған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мәліметтер франциялық журналист Джаффар Айт Аудианың Reduxx басылымына берген мәліметтеріне сүйеніп тұжырымдалған.

2023 жылдың маусымында Кремль-Бисетр ауруханасы (Франция) мен Мұхаммед Ламин Дебагин клиникасы (Алжир) арасындағы зерттеулер нәтижесінде боксшы Иман Хелифтің жыныстық дамуының бұзылысы бар екені анықталған. Эндокринологтар Соумая Федала мен Жак Янгтың есебінде Иман Хелифте тек биологиялық ер адамдарда кездесетін 5-альфа-редуктаза ферментінің тапшылығы бар екені айтылған.

Сондай-ақ, МРТ қорытындысы боксы Хелифтің жатыры мен аналық бездерінің жоқтығын көрсеткен, ал гормондық тест оның қанындағы тестостерон деңгейі ер адамдармен бірдей екенін растаған.

Айта кетейік, 66 кг дейінгі салмақта әйелдер боксынан алжирлік Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында қытайлық қарсыласын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, чемпион атанған болатын.

Олимпиада кезінде әлемдік БАҚ-та Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектері қызу талқыланған еді. Көпшілік Алжир боксшысы "трансгендер" болуы мүмкін деген болжамдар жасаған болатын.

Ал 20 қазанда Иман Хелиф алжирлік "En Nahar" басылымына берген сұқбатында кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2183238-analyq-bezi-men-zhatyry-zhoq-alzhirlik-boksshy-tagy-da-daudyng-astynda-qaldy/