Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХОК басы даудан арылмаған алжирлік боксшыға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Иман Хелиф
Иман Хелиф. Фото: Annice Lyn/ANOC via Getty Images

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада чемпионы атанған алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты мәселеге түсініктеме бермейтінін айтты. Бұл туралы SkySports басылымы Халықаралық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін франциялық журналист Джаффар Айт Аудиа Париж Олимпиадасының чемпионы Иман Хелифке қатысты даулы ақпаратты БАҚ беттерінде жариялады. Бұл ақпаратта алжирлік боксшының биологиялық ер адам екенін растайтын медициналық құжаттардың деректері тараған.

"Иман Хелиф Париж Олимпиадасы кезінде оның жынысына қатысты күмән келтіріп, қарсы пікір айтқан адамдарға қарсы шағым түсірді және осы мәселеге байланысты сот іс қозғады. Іс қаралып жатқандықтан, ХОК расталмаған ақпаратқа қатысты түсініктеме бермейді", - делінген SkySport басылымының материалында Халықаралық Олимпиада комитетінің мәлімдемесі.

Сондай-ақ ХОК Олимпиадада бақ сынаған барлық боксшының рұқсат алу және тіркеу талаптарына, медициналық ережелерге сәйкес қатысқанын айтты. Спортшылардың жынысы мен жасы төлқұжат деректері негізінде анықталғанын да атап өтті.

"ХОК Олимпиадаға қатысқан барлық спортшылардың құқықтарын Олимпиада хартиясы, этикалық кодекс және адам құқықтары бағдарламасына сәйкес қорғауға міндетті. Иман Хелифке деген мұндай қарсы әрекет бізді алаңдатады", - делінген ұйымның мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 66 кг дейінгі салмақта әйелдер боксынан алжирлік Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында қытайлық қарсыласын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, чемпион атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2184470-hok-basy-daudan-arylmagan-alzhirlik-boksshyga-qatysty-malimdeme-zhasady/