Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап алады": жақында үйленген боксшы Бекзат Нұрдәулетов келіншегі туралы айтты

Жарияланған күні:

Бекзат Нұрдәулетов
Бекзат Нұрдәулетов келіншегімен. Фото: t.me/mangystaumedia

Жақында шаңырақ көтерген бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов келіншегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouToub-тегі "Спорт министрі" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшының айтуынша, үйлену жаттығу жасауға, мансабын жалғастыруға кедергі емес.

"Үйлендік, отбасы болдық Аллаға шүкір. Алдыңғы жылы үйленемін дегенмін негізі. Сол Олимпиадаға дайындаламын деп бір жыл қалып қойды. Бір ағам "Сен негізі үйленіп алғанда Олимпиадаға баратын едің" деді. Жалпы, киімің жуулы, тамағың дайын, жаттығуға мүмкіндік жасап қояды демесем, ешқандай кедергісі жоқ.

Енді білді ғой кімге шығып жатқанын. Жаттығу жиындарына кетер алдында жылап алады", - деді боксшы.

Сонымен бірге Нұрдәулетов кітапты көп оқитынын және кітапқа баулыған боксшы Абылайхан Жүсіпов екенін айтты.

"Иә кітап оқимыз, кітап оқуға баулыған бауырымыз Абылайхан Жүсіпов. Маған қарағанда кітапты сол көп оқиды-ау. Екеуіміз бір-бірімізге әрдайым кітап сыйлап тұрамыз. Сол оқыған кітаптарымызбен пікір алмасып, алған инсайттармен бөлісіп отырамыз. Осы жылға 20 кітап деп мақсат қойғанмын негізі. Жете алмай жатырмын. Әзірге осы айға дейін 12 кітап оқыдым. Осы жаттығу жиынына екі кітап алып келдім. Жеткіземін деген ойдамын. Жалпы, сондай мақсат қойғанмын", - деді ол.

Одан бөлек, Нұрдәулетов жігіттерге ең алдымен қазақты тану үшін Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітабын оқуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2185401-zhylap-alady-zhaqynda-uilengen-boksshy-bekzat-nurdauletov-kelinshegi-turaly-aitty/