Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық могулшылар маусымдағы алғашқы жарыста төрт алтын медаль жеңді

Жарияланған күні:

Павел Колмаков
Павел Колмаков. Фото: Getty Images

Қазақстанның фристайл-могул командасы Аустрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аустрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде Қазақстанның фристайл-могул командасы топ жарды. Қазақстандық спортшылар маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын.

Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарса, Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Аяулым Әмренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, алдағы қысқы Олимпиада 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2185859-qazaqstandyq-mogulshylar-mausymdagy-algashqy-zharysta-tort-altyn-medal-zhengdi/