Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте жоғарылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді. Қазір ел құрамасының қоржынында 266 ұпай бар.
Ал бұл тізімде Жапония кұрамасы көш бастап келеді (388 ұпай). Венгрия құрамасы 2-орынға жайғасса (344 ұпай), Франция үздік үштікті (332 ұпай) түйіндеп тұр.
Айта кетейік, шпагамен семсерлесушілер Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмира Әлімжанов және Вадим Шарлаимов биылғы маусымды сәтті өткізді. Спортшылар Азия чемпионатының финалдық кезеңінде әлем рейтингінің көшбасшысы жапониялықтарды жеңіп, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, олар қазақстандық семсерлесу тарихында алғаш рет биылғы жазғы Олимпиада ойындарының командалық турниріне қатысты.
Швейцарияда өткен әлем чемпионатының соңғы кезеңінде Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша үздік ондыққа енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2186586-qazaqstandyq-semserlesushiler-alemning-uzdik-bes-quramasynyng-qataryna-endi/