Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық конькиші тарихи турнирде ел қоржынына жалғыз алтынды салды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Виталий Щиголев
Виталий Щиголев. Фото: Stacy Revere - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Виталий Щиголев Жапонияда өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның Хачинохе қаласында өткен төрт құрлық чемпионатының соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Виталий Щиголев ерлер арасындағы масс-стартта үздік атанды.

Виталий Щиголев 62 спринт ұпайын жинап, 8 минут 22,05 секунд уақыт көрсеткішін тіркеді. Бұл бәсекеде екінші және үшінші орындарды Канада спортшылары Дэвид Ла Руа мен Хайден Майер иеленді.

Осылайша Виталий Щиголев аталмыш чемпионатта Қазақстан құрамасы қоржынына жалғыз алтын медальді салды.

Тағы бір қазақстандық конькиші Вадим Якубовский дисквалификация алуына байланысты жарыстан шеттетілді.

Қазақстан құрамасының конькишілері бұл жарыста барлығы 3 медаль жеңіп алды. Бүгін, 17 қарашада Надежда Морозова 1000 метр қашықтықта күміс жүлде алса, 15 қарашада әйелдер арасындағы командалық спринтте Надежда Морозова, Дарья Важенина және Кристина Силаева қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Жапониядағы турнир 17 қарашаға дейін жалғасады. Бұл жарыс алғаш рет 2020 жылы өткізілген еді. Оны екі рет Канада және АҚШ қабылдаған. Биылғы жарыс тарихқа енбек, себебі алғаш рет Азияда өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2188548-qazaqstandyq-konkishi-tarihi-turnirde-el-qorzhynyna-zhalgyz-altyndy-saldy/