Париж Олимпиадасында таеквондодан Тунис құрамасы қазақ бапкері Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған еді. Жақында жаттықтырушыға таеквондодан Қазақстан федерациясы ұсыныс білдірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ телеарнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Париж Олимпиадасынан кейін біздің бапкерлерді Халықаралық таеквондо федерациясы мойындады. Париждегі жетістіктен кейін маған Африканың бірнеше елінен хабарласып, жақсы бапкерлар ұсынуымды сұрады. Бұл Қазақстан үшін жақсы жарнама болды. Жақында біздің таеквондо федерациясы Астанада төрешілер семинарын өткізді. Болашақта Қазақстан таеквондосы бүкіл әлемге танымал болады деп сенемін.
Менің Тунис федерациясымен келісімшартым аяқталды, бірақ олар жаңасын ұсынып отыр. Жақында маған Қазақстан таеквондо федерациясынан хабарласып, жаңа бас бапкер қызметіне менің кандидатурамды қарастыруға ниет білдірді. Осыдан бір-екі күн бұрын федерацияда үлкен жиын өтті. Сол жиында мен өз бағдарламамды ұсындым", - деді Сұлтанов .
Есбол Сұлтанов 2023 жылдың қыркүйегінде Тунис мемлекетінің шақыруымен шетел асқан болатын. Биыл жазғы Олимпиада ойындарында оның шәкірттерінің бірі қола медаль жеңіп алса, бірі чемпион атанды.
Еске салайық, Есбол Сұлтанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұқбат беріп, екі елдегі таеквондоны салыстырған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2189874-ozge-elden-olimpiada-chempionyn-shygargan-esbol-sultanovqa-qazaqstannan-usynys-tusti/