Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

74 жастағы ақсақал қауіпті трюктер жасап, көпшілікті таңғалдырып жүр (видео)

Жарияланған күні:

Баймұқанбет Жұмаділов
Баймұқанбет Жұмаділов. Скриншот: youtube.com/@tansholpantv

74 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Баймұқанбет Жұмаділов қауіпті трюктер жасайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Таңшолпан" бағдарламасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Баймұқанбет Жұмаділов трюк жасауды әлеуметтік желіден үйренген. Ол екі саусағын жерге тіреп, кеудесімен емін-еркін көтеріле алады, бір қолымен тұрып та жаттығу жасай береді. Тіпті, бұл жаттығуларды қолын өткір пышаққа тіреп те орындайды.

"Бұрын спортпен айналысқанмын. Қазір соны жалғастырып жатырмын. 3 км жүгіремін, денені жерден көтеру жаттығуын 70 рет істей аламын. Оны бір-екі саусақпен де жасаймын", - дейді Жұмаділов.

Қария жаттығуларының видеосын желідегі парақшасына жариялап отырады. Оларды немересі түсіреді екен. Баймұқанбет ата кейбір қауіпті трюктарды үйде қайталауға кеңес бермейді.

"Бұл кісі спортқа қартайғаннан кейін келді, жас кезінде уақыт болған жоқ қой. Енді міне зейнетке шыққан соң спортпен айналысып жүр. Оның ширақ болу себебі кешке дейін тынбайды, жаттығулары бар, одан қалса мал қарайды, бау-бақша шаруаларын атқарады", - деді қарияның жұбайы Күләш Жұмаділова.

Баймұқанбет Жұмаділов немересін де спортқа баулып жүр. Сондай-ақ қария шағын автомобильмен қатар жүк көлігін де тізгіндей алады.

Еске салайық, он дүркін Азия чемпионы атанған 83 жастағы шымкенттік қария қалай жаттығатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2192142-74-zhastagy-aqsaqal-qauipti-triukter-zhasap-kopshilikti-tanggaldyryp-zhur-video/