Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында топ жарып, командалық есепте көш бастады

Жарияланған күні:

Аланна Берікқызы
Аланна Берікқызы. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бүгін Италияның Монтесильвано қаласында шахматтан кадеттер арасында (U8-U12) әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бәсекеде қазақстандық шахматшылар айрықша жеңісімен көзге түсті, деп KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

10 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Аланна Берікқызы әлем чемпионы атанды. Ол 11 турдың нәтижесінде 9,5 балл жинады. Барлығы бұл санатта әлемнің үздік 100 шахматшысы бақ сынасты.

Аланна Берікқызы былтыр Грекияның Родос қаласында 9 жасқа дейінгі санатта классикалық шахматтан әлем чемпионы атанған. Осы жолы ол дүниежүзі бәсекесіндегі алтын санын екеуге жеткізді.

Ұлдар арасында (U12) Марк Смирнов ең көп ұпай жинап, бас жүлдеге қол жеткізді. Оның еншісінде 11 турдан кейін 10 ұпай бар.

Тағы бір отандасымыз Ханзада Аманжол 12 жасқа дейінгі санатта күміс жүлдегер атанды (қосымша көрсеткіш бойынша әлем чемпионатында екінші орынды иеленді).  Бұл санатта 93 шахматшы қатысты.

Айта кетейік, Апенин түбегіндегі чемпионатқа 77 елден 710 ойыншы шеберлік байқасты.

Жалпы командалық есепте Қазақстан командасы 2 алтын, 1 күміс жүлденің арқасында 1-орын алды. Қытай шахматшылары 2-орынға (2 алтын, 1 қола) сатыға тұрақтаса, үздік үштікті Үндістан 1 алтын, 1 қола медальмен түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2193060-qazaqstandyq-zhas-shahmatshylar-alem-chempionatynda-top-zhardy/