Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыт аз": Станислав Черчесов қазақ тілін меңгеруге қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Ресей футбол қауымдастығы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Sport-Express.ru сайтына берген сұқбатында қазақ тілін қаншалықты меңгергенін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресейлік маман шетелде жұмыс істегенде, жергілікті тілді ең болмағанда бастауыш деңгейде меңгеруге тырысатынын баса айтты.

"Егер сіз басқа елде болсаңыз, онда ең болмағанда қарапайым фразаларды білуіңіз керек. Мен қай жерде жұмыс істесем де, бәрібір бұл нәрсені меңгеремін. Бұл қалыпты құбылыс. Әрине, мен киім ауыстыратын бөлмеде қазақ тілінде қалай дәріс оқып, нұсқау беру керегін білмеймін, бірақ сәлемдесіп, хал-жағдайын сұрай аламын. Қазір қазақ тілін үйренуге уақыт аз. Бірақ ұлттық құраманың ойыншылары немесе қызметкерлері сөйлескен кезде мен олардан сөздердің мағынасын сұраймын", - деді Черчесов.

Бұған дейін Станислав Черчесов тіл мәселесіне байланысты қазақ тілін үйрену курстарына жазылған болатын.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының биылғы маусымында өткізген 5 ойында Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтің жетекшілігімен 4 мәрте жеңіліп, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ өз қақпасына 10 гол жіберіп алса, қарсылас қақпасынан бірде-бір рет саңылау таба алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2196941-uaqyt-az-stanislav-cherchesov-qazaq-tilin-menggeruge-qatysty-pikir-bildirdi/