Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ММА спортшысы Федор Емельяненконың інісі бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Иван Емельяненко
Иван Емельяненко. Фото: instagram.com @emelyanenko.ivan

Аралас жекпе-жек шебері Иван Емельяненко бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новости Спорт" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты спортшының адвокаты Сергей Карпеев растады. Иван Емельяненкоға қатысты қылмыстық іс көше жанжалы кезінде болған оқиға негізінде қозғалған. Сол жанжалда ММА спортшысы басқа ер адамның денсаулығына ауыр зақым келтірген.

"Емельяненко жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеу үшін бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Біздің ойымызша, Иван рақымшылыққа лайық, себебі ол жасаған қылмысына шынымен өкінеді. Тергеудің бастапқы кезеңінде-ақ ол өз кінәсін толық мойындаған.

Бұл іс бойынша ешқандай теріс немесе кінәні ауырлататын жағдайлар анықталмады. Сотталушының жеке басын сипаттайтын барлық мәлімет тек оң сипатқа ие. Осыған байланысты біз үкімді тым қатал деп санаймыз және шағым түсіреміз", - деді Сергей Карпеев.

Айта кетейік, 36 жастағы Иван Емельяненко белгілі ресейлік ММА спортшылары Федор және Александр Емельяненколардың кіші інісі. Иван Емельяненко аралас жекпе-жек спортында 2023 жылы дебют жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2202123-mma-sportshysy-fedor-emelianenkonyng-inisi-bas-bostandygynan-aiyryldy/