Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде өлім жазасын орындаудан қандай елдер көш бастап тұр?

Опубликовано:

Әлем елдері соңғы кезде өлім жазасына кесу үкімін жиі қолдана бастады. Тіпті бұл көрсеткіш соңғы 25 жылда рекордты деңгейге жеткен деп хабарлайды 24 арна.

Өткен жылы әлемдегі 1634 адам өлім жазасына кесілді. Осындай мәлімет Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының баяндамасында жарияланған.

Бұл баяндамада Қытай бойынша деректер келтірілмеген. Құқық қорғаушылар бұл елде жыл сайын мыңдаған адамға өлім жазасы шығарылады деп санайды. Қытай бұл мәліметтерді мемлекеттік құпия деп таныған.

Ал өзге елдерде соңғы бір жылда өлім жазасына кесілгендердің саны 1,5 есеге артыпты. Осы көрсеткішке негізгі үлесті үш мемлекет қосып отыр.

"Иран, Пәкістан және Сауд Арабиясы. Осы үш ел әлемде тіркелген өлім жазаларының 90%-ына жауапты. Өлім жазасын қолданатын елдердің көбісінде сот тергеуі халықаралық стандарттарға сәйкес емес, азаптап қылмысты мойындатады. Осының негізінде өлім жазасына кеседі", - дейді  Amnesty international ұйымының жаһандық мәселелер бойынша директоры Одри Гогрэн.

2014 жылы тәліптердің мектепке жасаған шабуылынан кейін Пәкістанда өлім жазасы қайта қолданыла бастады. Алайда Amnesty International ұйымының мәліметі бойынша өлімге кесілгендердің көбісінің терроризмге қатысы жоқ. Ал Иран мен Сауд Арабиясында бұл тіпті саяси күрестің құралына айналған көрінеді.

"Сауд Арабиясының өкіметі бұл лаңкестікке қарсы күрес пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір бөлігі дейді. Бірақ олар билік қарсыластарына да өлім жазасын қолданып жүргені анық", - дейді Amnesty international ұйымының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша директорының орынбасары Джеймс Линч.

Осы елдерден кейінгі орынды АҚШ иеленді. Дегенмен, бұл елде өлім жазаларының саны жылдан-жылға кеміп келеді және былтыр соңғы 25 жылдағы ең аз көрсеткішке төмендеген. Сондай-ақ былтыр тағы да 4 мемлекет өлім жазасынан бас тартты. Бүгінде осындай елдердің саны 102-ге жетіп, алғаш рет әлем мемлекеттерінің көпшілігін құрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1094662-alemde-olim-zhazasyn-oryndaudan-qanda/

pixel