Миллиардер "ханшайым" Гүлнар Каримова туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнар Каримованың бүгінгі жағдайы бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатуда. Осы орайда NUR.KZ порталы Гүлнар Каримованың өмірінен бірқатар мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.
44 жастағы Гүлнар - Өзбекстанның қоғам қайраткері, зергерлік бұйымдардың дизайнері әрі Googoosha лақап атымен танымал этрада әншісі. 2013 жылдан бастап Гүлнар үйқамаққа алынған деген ақпарат бар.
Ферғанада дүниеге келген Гүлнардың сіңлісі Лола АҚШ-та тұрады.
1995 жылдан бастап Гүлнар Өзбекстанның Сыртқы істер министрі кеңесшісі қызметін атқарды. 21 ғасырдың басында оны көбі Ислам Каримовтың ізбасары болады деп сенген. Гүлнар да ел басқарғанға білімі жетерлік екенін алға тартып, уақыты келгенде бас тарпайтынын жасырмайды.
Алайда көп ұзамай бойжеткен Өзбекстан билігінен алыстай түседі.
Эстарадалық әнші ретінде ол Хулио Иглесиас, Монсеррат Кабалье және Жерар Депардье сынды танымал тұлғалармен дуэтте ән салып үлгерген. Ал модельер-дизайнер ретінде өзінің GULI брендін құрған.
Жеке өмірінде Гүлнар тек бір рет тұрмыс құрды. Одан екі ұлы дүниеге келіп, жас жұбайлар АҚШ-та тұрады. Алайда 2001 жылы олар ажырасып кетеді.
2013 жылы еуропалық елдер Каримованы пара берді деп айыптағаннан кейін әкесі Ислам Каримов оны үйқамақта ұстау шешімін шығарады.
Содан бері қоғаммен байланысын үзген Гүлнар туралы бүгінде түрлі қауесеттер тарап жатыр.
Тағы да оқыңыздар:
Астананың атауы "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" болып өзгеруі мүмкін
Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?
Қарақат Қыдырәліге екінші әйел болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтты
Павлодарлық балақай өз үйіне оралу үшін анасын 7 жыл күткен
Құпия қайырымды жан қызылордалық мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй сыйлады (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1326496-milliarder-khanshayym-gulnar-karimova/