Мұғалімімен төсек қатынасына түсіп қойған оқушы өзіне қол салмақ болды
Жарияланған күні:
29 жастағы АҚШ-тың Мэн штатының тұрғыны Джилл Ламонтань 14 рет сексуалдық зорлыққа барды деп айыпталуда. Ол өзі сабақ беретін оқушысымен бірнеше рет интимдік қатынасқа түскен деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Өз оқушысымен төсектес болған Джилл – тұрмыстағы әйел, екі баланың анасы. Біраз уақыттан бері оқушысымен интимдік қатынасқа түсіп келген. Алайда қателігін түсінген жігіт жасаған әрекеттеріне өкініп, өзіне қол салмақ болады.
Абырой болғанда өлімнен оны жақындары құтқарып қалыпты. Ертеңіне ол туысына не себепті мұндай қадамға барғанын айтып берген.
Осыдан бастап Джилл ұстаз полицияның назарына ілігеді. Сот барысында оқушының анасы баласының мұғалімге деген «ыстық ықыласы» туралы айтып берді.
«Ұлым - ұстазына ғашық болып қалғанын мойындады. Олар сыныпта, көлікте және оның үйінде бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен екен және апайы оған екі жыл ешкіммен төсек қатынасында болмағанын айтыпты», - дейді ол.
Өзіне қол жұмсап өлгісі келсе де махаббатқа басы айналған жігіт мұғалімнің түрмеде отыруын қаламаған. Осыған қарамастан, Джилл Ламонталь қамауға алынып, 1000 АҚШ Доллары кепілдемесін төлеп бостандыққа жәберілді.
Зорлыққа қатысты қылмысы үшін мұғалім екі жыл бойы бұрынғы оқушысымен араласуға тыйым салынады. Қазіргі уақытта осыған қатысты сот процесстері жалғасуда. Келесі отырыс 22-желтоқсанға жоспарланды.
Заң бойынша әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Тағы оқыңыздар:
"Әскер жіберген жоқпыз": ІІМ орынбасары Қарағандыдағы жағдайға қатысты түсінік берді
Қызылордада базарға күшік сатуға кеткен екі оқушы төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)
Қарағандыда облыс әкімі түні бойы шахта кезген: 154 адам жер астынан шықты (фото)
Ернар Айдар алғаш рет елден жасырған келіншегі туралы айтып берді
Ақтөбеде улы қоспалармен алкоголь өнімдерін шығарған жасырын цех әшкере болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1704392-mughalimimen-tosek-qatynasyna-tusip-q/