Ұятсыз фильмге түсу үшін ата-анасын тастап кеткен ару жұрттың ашуын келтірді (фото)
Жарияланған күні:
Желі қолданушылары Киру Квин деген атпен танымал ұятсыз фильмдерге түсетін актрисаның қылығын жарыса талқылауда. Олар 31 жастағы Дагестандық аруды жеңіл жүрісті кәсібі үшін cөкті деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Киру Квиннің шын есімі - Ада Махачева. Ол 21 жасында туған жері мен ата-анасын тастап "кәсіби баспалдағы" үшін Петербургке келген. Сапары сәтті болып, ол аз уақыт ішінде танымал болып үлгереді.
Содан кейін Европаның Будапешт қаласына қоныс аударған бойжеткенді бірнеше фильмге түсуге шақырыпты.
"Мен үшін бұл жұмыстың еш қиындығы жоқ.Ол мені қанағаттандырады. Жұмысым көп ақша табуға және қалаған жеріме саяхат жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл бизнестен көп нәрсе күтпеймін", - дейді Ада.
Қазір актриса бүкіл Европаға танымал, ең мықты маманның біріне айналған. Алайда туған жерінде оның атын жиіркенішпен еске алады. Ол үшін ұялған жерлестері желіде түрлі сөздермен балағаттауды тоқтатпайды екен. Ал туыстары мен отбасы мүшелері мүлдем араласпай қойыпты.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1711309-atsyz-filmge-tsu-sin-ata-anasyn-tastap-ketken-aru-zrtty-asuyn-keltirdi-foto/