Ашулы келіншек үш жасар баласын есінен танғанша ұрып тастады
Жарияланған күні:
Қырғызстанда үш жасар ұлын ұрған келіншек ұсталды деп жазады Centralasian.org.
Ош қаласында 24 жастағы А. Д. есімді әйелді ұлын ұрғаны үшін қамауға алды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің өкілі Замир Сыдыков хабарлады.
Келіншек 4 ақпан күні ауыр жарақаттанған баласын Ош облыстық ауруханасына алып келген. Анасы үш жасқа толмаған баланы баспалдақтан құлап кетті деп уәж айтады.
Сәбиді тексеру кезінде денесі көгергені, ішкі органдары зақымданғаны, миына қан құйылғаны анықталды.
Тергеу барысында баланы анасы ұрғаны белгілі болды. Әйел қылмысын мойындаған. Ол баласы тіл алмағанын айтқан.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Сот оны қамауда ұстау мәселесін қарайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1715522-asuly-kelinsek-s-zasar-balasyn-esinen-tangansa-ryp-tastady/