Туристер үшін ең қауіпті мемлекеттер анықталды
Опубликовано:
Ұлыбританиялық Endsleigh сақтандыру компаниясы баруға ең қауіпті мемлекеттер тізімін жасап шығарды. Мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде бірінші орынға Тайланд шыққан деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Арнайы зерттеу жұмыстары арқасында туристер үшін аса қауіпті елдер анықталды. Бұл тізімнің көш басында қауіптілік туралы 23% шағым түсірілген Тайланд орналасқан.
Екінші орынды Чили мен АҚШ өзара бөліскен. Бұл елдерде болған туристердің 15%-ы сақтандыру компаниясына арыз түсірді.
Оған қоса қауіпті мемлекеттер тізіміне Франция(7%), Германия(8%) мен Испания(8%) да кірген.
Франция мен Испанияға барған туристер көп жағдайда ұрлыққа қатысты шағым түсіріп жатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1738660-turister-sin-e-kauipti-memleketter-anyktaldy/