Ресейде жантүршігерлік жол апатынан 13 адам қаза тапты (фото)
Опубликовано:
Ресейдегі Тверск облысы Калиниск ауданында жантүршігерлік жол апаты орын алып, 13 адам қаза тапқан. Онда "Форд" көлігі қарсы беттегі жолаққа шығып, автобуспен бетпе-бет соқтығысқан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында орын алған. Автобус Тверьден Ржевке қарай бет алған көрінеді. 13 адамның өліміне себепкер болған жол-көлік оқиғасына байланысты құқық қорғау органдары тергеп-тексеру амалдарын бастап кеткен.

Айта кетейік, қаза тапқандардың барлығы "Форд" ішінде болған. Тверск облысының басшысы мәлім еткендей, аталмыш көлік иесі жолаушыларды заңсыз тасымалдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1756448-resejde-zantrsigerlik-zol-apatynan-13-adam-kaza-tapty-foto/