Әйгілі Брюс Лидің отбасы жайлы не білеміз?
Опубликовано:
Небәрі 33 жасында өмірден өткен танымал актер, шығыс жекпе-жегінің хас шебері Брюс Лидің осыған дейін еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттері желіге тарап кетті деп хабарлайды ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

1973 жылы өмірден өткен актердің артында бір ұл, бір қызы қалған.

Брюс Лидің әйелі өзінің студенті болған. Актер 17 жастағы Линдиді бірден қымбат мейрамханаға шақырған. Ол жұбайын "көктен түскен періштеге" теңеп, бір көргеннен ғашық болыпты.

Брюс Лидің тұңғышы Брэндон Ли 1965 жылы дүниеге келген. Балақай үш жасынан бастап әкесінің жолын қуып, арнайы жаттығулар жасай бастаған.

Жас жұбайлардың шаңырағында 1969 жылы Шеннон есімді қыз бала өмірге келеді.

Бүгінде Шеннон да кино әлемінен өз орнын тапқан.

Брюс Лидің қазасынан кейін Линда екінші рет шаңырақ көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1764013-jgili-brus-lidi-otbasy-zajly-ne-bilemiz/