Баласын тепкілеп, сабап жатқан ана камераға түсіп қалды (видео)
Жарияланған күні:
Украинаның Запорожье қаласындағы сауда орталығында орналасқан ойын бөлмесінде 31 жастағы ананың 6 жастағы баласын сабап жатқан сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Болған оқиға бақылау камерасына толықтай жазылыпты. Кадрдан әйелдің баланы қолымен ұрғанын, содан кейін аяқпен тепкенін байқауға болады.
Ананың мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз.
Оқиға орнына полиция қызметкерін шақырған. Бірақ бұл әйелдің ашуын баса қоймапты.
Куәгердің айтуынша, ашулы ана тәртіп сақшысына баласы жалықтырғанын айтып, оны алып кетуін сұраған.
Желі қолданушылары әйелдің екі мен алты жастағы екі ұлы бар екенін анықтапты.
Аталған шулы мәселеден соң баланың анасы видео үндеу жариялап, өз әрекетін түсіндіруге тырысқан.
"Мен де адаммын. Кейде өзімді ұстай алмай, ашуға берілемін, тіпті басымды қабырғаға соғамын. Бұны жасырмаймын. Егер сіз бақытты адам болып, балаңызға бірде-бір рет қол көтермеңіз, мен сіз үшін мақтанамын", - деді баласын сабаған әйел.
Әйелдің жазаға тартылу-тартылмауы белгісіз.
Ескерту! Жүйкесі жұқа адамдарға көруге кеңес бермейміз!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774811-balasyn-tepkilep-sabap-zatkan-ana-kameraga-tsip-kaldy-video/