Жээнбеков жаңа премьердің талабы бойынша президенттіктен кетуден бас тартты
Жарияланған күні:
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуді жоспарлап отырған жоқ - бұған дейін елдің жаңа премьер-министрі Садыр Жапаров президент үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін үш күн ішінде қызметінен кетеді деп мәлімдеген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қырғызстан президентінің отставкасы туралы ақпаратты оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева 24.kg сайтына түсіндірді.
Стамалиеваның айтуынша, Жогорку Кеңеш үкіметтің жаңа құрамын бекітіп, президент тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойған.
"Біз мұны республиканы заңды арнаға қайтарудың алғашқы қадамдары деп бағалаймыз", - деді Жээнбековтің баспасөз хатшысы.
Ол президент парламентке Жапаровты үкімет басшысы етіп бекіту туралы мәселені барлық заңнамалық талаптарды сақтай отырып қайта қарауды ұсынғанын айтты.
Басылым ақпаратына сәйкес, Жапаров үкімет басшысы болып бекітілгеннен кейін жаңа премьер-министр президентпен кездескен. Кездесу барысында премьер-министр Жээнбековтің бүгін кешке отставкаға кетуі керек деген талабын қайта айтыпты.
Сол арада Толгонай Стамалиеваның сөзіне сілтеме жасаған РИА Новости ақпараты бойынша, Қырғызстан басшысы "өзінің қызметінен кетуге бүгінде хақысы жоқ" екенін мәлімдеген, себебі бұл "болжанбайтын жағдайға" алып келуі мүмкін екен.
Жээнбеков бұрын айтқан ұстанымынан бас тартпайтынын атап өтті - ол ел "заңды арнаға оралғанда" ғана өз қызметінен кетеді.
"Президенттің және мемлекет басшысының баспасөз қызметінің бірде-бір мәлімдемесінде қызметтен кетудің нақты күні көрсетілмеген", - деп жазады Қырғызстан басшысы баспасөз хатшысының сөзін келтірген басылым.
Еске салсақ, бұған дейін біз наразылар Ыстық көлдегі танымал шипажайды басып алмақ болғанын жазған едік.
Одан бөлек, Қанат Исаев Қырғызстан парламентінің жаңа спикері болып сайланғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1879663-zeenbekov-zaa-premerdi-talaby-bojynsa-prezidenttikten-ketuden-bas-tartty/