Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте митингіге шыққандар даңғылды жабуға тырысты (видео)

Жарияланған күні:

Митинг
Қырғызстандағы митинг: 24.kg

Қырғызстан министрлер кабинеті жаңа басшысы Садыр Жапаровтың жақтастары Бішкектегі "Иссык-Куль" қонақүйінің маңына жиналды. Наразылық білдірушілер Шыңғыс Айтматов даңғылын жабуға тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg басылымы ақпарынша, митингіге мыңға жуық адам жиылған. Олардың барлығы мемлекеттік резиденцияға жақын орналасқан "Иссык-Куль" қонақүйінің жанында бой көрсеткен.

Наразылық білдірушілердің бір бөлігі Шыңғыс Айтматов даңғылын жабуға тырысса, митингінің басқа қатысушылары жол қозғалысына кедергі келтірмеуді сұраған.

Осылайша, митингіге шыққандардың жолда кептеліс тудырған. Олар әлі де қонақүй маңында жүр деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қырғызстан тарихында қан төккен және өз азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғысы келмейді. Сондықтан, отставкаға кету туралы шешім қабылдаған.

Ел конституциясына сай енді Қырғызстан президентінің міндетін уақытша парламент спикері Қанат Исаев атқаратын болады.

Исаевті парламент депутаттары 13 қазан күні Жогорку Кенеш төрағасы етіп сайлаған еді.

Айта кетейік, Қырғызстандағы жаппай наразылық шеруі 5 қазанда басталды. Оған 4 қазанда өткен елдегі парламент сайлауы себеп болған. Сайлау нәтижесіне көңілі толмаған тұрғындар наразылық шеруіне шықты. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

6 қазанға қараған түні демонстранттар ел президентінің аппараты мен парламент депутаттары отыратын "Ақ үй" резиденциясын басып алды.

Кейін халыққа үндеу жасаған Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1879824-biskekte-mitingige-sykkandar-zol-kozgalysyn-toktatuga-tyrysty-video/