Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Байденмен және Илон Маскпен келіссөздер жүргізді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Will Oliver/EPA/Bloomberg via Getty Images

Украина прездиенті Владимир Зеленский өз Twitter парақшасында жүргізілген келіссөздер жайлы айтты. Ол АҚШ президенті Джо Байденмен және америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маскпен сөйлескен.

Зеленскийдің сөзінше, келесі аптада Украина Starink жүйесінің тағы бір бөлігін алады.

"Илон Маскпен сөйлестім. Оған Украинаға сөзбен де, іспен де көмектескені үшін алғыс білдіремін. Ал келесі аптада біз келесі аптада қираған қалаларға арналған Starlink жүйесінің тағы бір партиясын аламыз. Тиісті ғарыштық жобаларды талқыладық. Бірақ, бұл жайлы соғыстан кейін айтамын",- деді Украина президенті.

Одан бөлек, Зеленский АҚШ президенті Джо Байденмен жүргізілген келіссөздер нәтижесін жариялады.

"Күн тәртібіне қауіпсіздік, қаржылық қолдау мен Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру мәселесі енді",- деді Украина басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959597-zelenskii-baidenmen-zane-ilon-maskpen-kelissozder-zurgizdi/

pixel