Михаил Горбачев 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті
Жарияланған күні:
КСРО-ның тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Орталық клиникалық аурухана мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Бүгін кешке ауыр әрі ұзаққа созылған дерттен Михаил Сергеевич Горбачев қайтыс болды", - делінген Орталық клиникалық аурухана хабарламасында.
Айта кетейік, Михаил Горбачев 1931 жылғы 2 наурызда Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Красногвардейский ауданының Привольное ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін, 1967 жылы Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
1955-1966 жылдары Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет еткен.
1966-1967 жылдары Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы,
1978-1985 жылдары КОКП ОК-нің хатшысы,
1980 жылдан саяси бюро мүшесі,
1985-1991 жылдары КОКП ОК-нің бас хатшысы,
1988-1989 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы,
1989-1990 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1990 жылғы наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның президенті болып сайланды.
1991 жылғы 25 желтоқсанда КСРО-ны тарату туралы Беловеж келісіміне қол қойылғаннан кейін Горбачев өзінің президент ретіндегі қызметін тоқтататынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1985414-ksro-nyn-algasqy-prezidenti-mixail-gorbacev-omirden-otti/