Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Нигерияда байкерлер карнавалында 14 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

трюк жасап жатқан байкер
Трюк жасап жатқан байкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Нигерияда байкерлер карнавалында бір топ адамды көлік қағып, кемінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, куәгерлердің сөзінше, жылдамдықты асырған көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, шеруді тамашалап тұрған бір топ адамды қағып кеткен.

Жергілікті полиция қамауға алынған көлік жүргізушісінің мас күйде болғанын, көлікті басқара алмай, бір топ адамды қағып кеткенін растаған.

Қайғылы оқиғадан зардап шеккен 15 жастағы жасөспірімнің әкесі Муса Кутама басылымға жүргізушінің көлікті бей-берекет айдағанын айтқан. Сонымен бірге ол көлік жүргізушісінің жолға ақша шаша бастағанын, адамдар сол ақшаны жинауға ұмтылғанда осындай қайғылы жағдай болғанын мәлім еткен.

Муса Кутаманың ұлы Кросс-Ривер штатының әскери-теңіз госпиталі мен Калабара университетінің емдеу госпиталіне жеткізілген 24 адамның ішінде болған.

Қазіргі таңда штат губернаторы Бена Аяде үкімет көліктің карнавал аумағына өзге көліктердің кірмеуін қамтамасыз ететін, көптеген қоршауды қалай бұзып өткенін зерттеп жатқандығын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол байкерлердің карнавалы тоқтатылғанын, дегенмен карнавалдың соңғы бөліміне жоспарланған басқа іс-шаралар және Жаңа жыл қарсаңындағы отшашудың болатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2004 жылы Нигерияның Калабар портты қаласында алғаш рет ұйымдастырылған карнавал күні бүгінге дейін ел тұрғындары мен шетелден келетін көптеген туристің қызығушылығын тудыратын айтулы шара. Карнавал бір айға жуық уақыт болады. Ұйымдастырушылар оны Африкада өтетін ең ауқымды дала кеші деп атайды. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты екі жылдық үзілістен кейін, жергілікті тұрғындар оны ерекше күткен.

Тағы бір айта кетерлігі, карнавалға жергілікті танымал адамдар қатысады. Олардың кейбірі түрлі-түсті карнавал костюмдерін киіп, көрермендердің айрықша назарын аударатын түрлі трюктерді мотоциклдармен орындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2003550-nigeriyada-baikerler-karnavalynda-14-adam-qaza-tapty/