Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлім жазасына кесілген Пәкістанның экс-президенті көз жұмды

Жарияланған күні:

Первез Мушарраф
Первез Мушарраф. Фото: Aamir Qureshi/AFP via Getty Images

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін отанында өлім жазасына кесілген Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф ұзаққа созылған аурудан 79 жасында Дубайдағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Geo News басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, Пәкістанның бұрынғы президенті Дубайдағы америкалық емханада амилоидоздан емделіп жүрген.

Генерал Первез Мушарраф Пәкістан билігіне 1999 жылы әскери төңкерістен кейін келді. Ол 2002 жылы референдумда президент болып сайланып, бұл лауазымды 2008 жылға дейін атқарды.

Первез Мушарраф 2008 жылғы 18 тамызда отставкаға кетті. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында арнайы соттың үкімімен өлім жазасына кесілген.

Айыптаушылардың сөзінше, Мушарраф 2007 жылы төтенше жағдай енгізіп, Жоғарғы соттың судьясын тұтқындауға бұйрық берген кезде мемлекетке опасыздық жасаған.

Үкім оқылған кезде Мушарраф Пәкістанда болған. Алайда оған емделу үшін елден кетуге рұқсат берілген. Сол сәттен бастап ол Дубайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008094-olim-zazasyna-kesilgen-pakistannyn-eks-prezidenti-koz-zumdy/