Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда жер сілкінісі кезінде терезеден құлаған телефонның арқасында бір үйдің 4 адамы аман қалды

Жарияланған күні:

Малатья провинциясындағы зілзаладан кейінгі көрініс
Малатья провинциясындағы қираған үй. Фото: Anadolu агенттігі

Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалған отбасы терезеден құлаған телефонның арқасында аман қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның ондаған мың азаматының өмірін қиған, ошағы Кахраманмараш провинциясы болған жойқын жер сілкінісінен бері 12 күн өтті.

Құтқарушылар, дәрігерлер және аман қалғандардың өздері құтқару операциясы кезінде болған таңғажайып оқиғаларды айтуда.

Сондай таңғажайып оқиғаның бірі - Түркияның шығысындағы Малатья провинциясының Ниязи Мысри кварталында болған.

Басылымның жазуынша, жойқын жер сілкінісінен кейін Ильхами Экин жұбайы Сонгуль және балалары Тубо, Суна, Мұхаммедпен бірге қираған үйдің астында қалып қойған.

Ер адамның айтуынша, жер сілкінісі кезінде қатты тербелістен оның терезе алдында тұрған ұялы телефоны көшеге ұшып түскен.

Кейін бұл ұялы телефонды үйінді маңында жүрген шетелдік тауып алған. Яғни ер адамның назарын жерде шырылдап жатқан телефон аударған. Белгілі болғандай, осы сәтте үйінді астында қалған отбасыны жақындары іздеп, қоңырау шалып жатқан екен.

Шетелдік туыстарына үйдің қирағаны жайлы хабар беріп, осылайша дер кезінде бір отбасының төрт мүшесі құтқарылған.

Ильхами Экиннің сөзінше, үйіндінің астында жатқан жанұясы үмітін үзген, бірақ кездейсоқ жағдай олардың өмірін сақтап қалған.

"Біз үшінші қабатта тұрдық. 18 жастағы ұлым қайтыс болды. Ол әскери қызметкер болуды армандайтын еді. Құдай ешкімнің басына мұндай жағдайды бермесін. Жаратушы Алла үйінділердің астында қалғандардың барлығына жар болсын", – дейді ол.

Ильхами бәрі де жарақат алғанын, бүгінде әйелі мен бір қызы ауруханадан шыққанын айтады.

"Екінші қызым екеуміз әлі емделіп жатырмыз. Сол аяғым сынған. Ота жасалды, қазір өзімді жақсы сезінемін", – дейді малатьялық тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009885-turkiyada-zer-silkinisi-kezinde-terezeden-qulagan-telefonnyn-arqasynda-4-adam-aman-qaldy/