Қырғыз құтқарушылары жер сілкінісінен 13 күн өткен соң үш адамды үйінді астынан аман шығарды
Жарияланған күні:
6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен соң Хатай қаласының Антакья ауданында қиранды астынан бір отбасы мүшелері аман табылды. 296 сағат бойы үйінді астында жатқан жанұяны қырғыз құтқарушылары тапқан, деп жазады TRT Haber сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Антакьяның орталық ауданындағы Түркменбашы көшесіндегі үйінділерден 13 күн бойы қиранды астында жатқан үш адам құтқарылды.
Ерлі-зайыпты Самир Мұхаммед Аккар мен Рагда және олардың 12 жасар ұлы 296 сағаттан соң аман табылған.
Бірақ баланы құтқару мүмкін болмады. Ата-анасы аман қалып, 12 жастағы ұл бала көз жұмған. Ерлі-зайыптылар жойқын жер сілкінісінен соң екі баласынан да айырылып отыр.
Самир мен оның әйелі ауруханаға жеткізілді.
13 күн бойы үйінді астында жатқан отбасы мүшелерін қырғызстандық құтқарушылар тауып алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2009951-qyrgyz-qutqarusylary-zer-silkinisinen-13-kun-otken-son-us-adamdy-uiindi-astynan-aman-sygardy/