Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы елшісін ауыстырды

Жарияланған күні:

Мустафа Капуджу
Мустафа Капуджу. Фото: turkmenportal.com

Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы елшісін ауыстырды. Тиісті құжатқа ел президенті Режеп Тайип Ердоған қол қойды, деп хабарлайды "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің мәліметінше, Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні үкіметтің ресми басылымы - Resmi Gazete-де бейсенбі күні жарияланған.

Құжатқа сәйкес, Түркия Қазақстаннан бөлек, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы елшілерін ауыстырған.

Түркияның Қазақстандағы жаңа елшісі болып құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры қызметін атқарған Мустафа Капуджу тағайындалған.

Қазақстандағы бұрынғы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.

Daily Sabah басылымының хабарлауынша, қалған алты елші елдің Сыртқы істер министрлігінің Анкарадағы штаб-пәтеріне ауыстырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2010676-turkiya-7-eldegi-sonyn-isinde-qazaqstandagy-elsisin-auystyrdy/