Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстанда Каспий теңізінің жағалауынан XX ғасырға тиесілі болуы мүмкін 18 адамның сүйегі табылды

Жарияланған күні:

Теңіз
Теңіз. Көрнекі фото: Рexels.com

Дағыстан тергеушілері Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылғаннан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.

"Каспий теңізінің жағасынан 18 адам сүйегінің табылу дерегі бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитеті Дағыстан Республикасы бойынша тергеу басқармасының тергеушілері тексеру ұйымдастырды", – делінген агенттік хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша адам сүйектері ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.

Басылымның ақпаратынша, бұған дейін әлеуметтік желілерде Махачкалада жергілікті демалыс орталығының жанынан 18 адамның сүйегі табылғаны туралы ақпарат тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2011211-dagystanda-kaspii-tenizinin-zagalauynan-xx-gasyrga-tiesili-boluy-mumkin-18-adamnyn-suiegi-tabyldy/