Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қаза тапты

Опубликовано:

Пәкістандағы нөсер жаңбыр
Пәкістандағы нөсер жаңбыр. Фото: Anadolu агенттігі

Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында толассыз нөсер жаңбыр жауған.

Табиғат апаты салдарынан 10 адам қаза тапқан. Оның 8-і бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.

Аймақтағы кейбір ғимараттар да зақымданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2013503-pakistanda-su-tasqynynan-10-adam-qaza-tapty/

pixel