Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық жастар даяшы мен еден жуушы болып жұмыс істеу үшін кеңседегі қызметінен жаппай кетуде

Жарияланған күні:

Читать на русском
Даяшы
Даяшы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайда жас мамандар арасында корпоративтік жұмыстан бас тартып, қызмет көрсету салаларына ауысу белең ала бастаған. БАҚ-тың жазуынша, бұл үрдіс мамандық бойынша еңбек етуден бас тарту деп аталады. Дереккөзде ұсынылған ақпаратқа сай, жастардың басым бөлігі шығармашылықпен айналысып, достарымен араласуға көбірек уақыт табуы үшін кеңседегі жұмысынан кетіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNBC басылымына сілтеме жасап.

Юнис Ван, 25 жаста, биологиялық инженер мамандығы бойынша колледжді бітірген, кейін АҚШ-та бизнес барлау магистрі дәрежесін алды. Бейжіңге оралған бойжеткен фармацевтикалық компанияға стратегиялық кеңесші болып жұмысқа орналасқан. Алайда үш айдан кейін ол жұмысын тастап, туған қаласына оралып, кофеханаға бариста қызметіне жұмысқа орналасады.

Юнистің қызметтік жолы бұл тенденцияның мысалы болып табылады. Xiaohongshu әлеуметтік желісінде #меніңалғашқыфизикалықжұмыстәжірибем хэштегі кең таралуда. Жастар қызмет көрсету саласына қалай келгенін әңгімелейді. Олардың басым бөлігі корпоративтік сектордағы жоғары жалақылы жұмыс орындарынан бас тартып, оның орнына фаст-фуд мейрамханаларында менеджер, даяшы немесе еден жуушы болып жұмысқа орналасқан екен.

Шанхайдағы Нью-Йорк университетінің әлеуметтану профессоры Ву Сяоган пандемиядан кейін жастардың көбісі іс жүзінде жұмыссыздық мәселесіне тап болып, мамандығынан тыс басқа жұмыстарға орналаса бастағанын айтты. Алайда қазір бұл мәселенің масштабы өзгерген. Енді адамдар мұны әдейі жасайды. Олар кофеханаларда жұмыс істеу үшін компаниялардағы кеңселік жұмысты тастап кетіп жүр.

Сол университеттің әлеуметтану кафедрасының ассистенті Цзя Мяо елдегі қарқынды экономикалық өсімі азаматтардың жұмыс таңдауға деген көзқарасын өзгерткенін айтады.

"Аға буын жоспарлы экономикада жұмыс істеген болатын. Ал атқарып жатқан қызметі отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісімен қуаттандырылған. Әркім өзінің еңбегі жаңа социалистік елдің дамуына үлес қосып жатқанына сенімді болған.

Ал қазір ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейіне жеткендіктен, жастар көбіне индивидуалдық көзқарасқа бет бұруда. Олар енді елдің дамуына үлес қосуды мақсатым деп есептемейді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2023870-qytailyq-zastar-dayasy-men-eden-zuusy-bolyp-zumys-isteu-usin-kensedegi-qyzmetinen-zappai-ketude/