Лукашенко Назарбаев және Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Читать на русском25 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Беларусь президентінің ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаевк жексенбі күні түстен кейін сөйлескен.
Әңгімелесу барысында халықаралық ахуал, аймақтағы жағдай және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастары талқыланған.
Сонымен қатар жексенбі күні, таңертең Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлескен.
Бұл Ресей мен Беларусь президенттерінің екі күн ішінде үшінші рет телефон арқылы сөйлесуі.
Сенбі, 24 маусым күні таңертең Владимир Путин Александр Лукашенкомен елде көтеріліс жасамақ болған "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің әрекетіне қатысты сөйлескен еді. Кейінірек олар телефон арқылы Пригожинмен келіссөздердің нәтижесін талқылады.
Айта кетелік, 24 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді. Ресей президенті елдегі ахуал жөнінде айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026328-lukasenko-nazarbaev-zane-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/