Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозбаланың өлімі: Францияда көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 40 мың полицей жұмылдырылмақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицияның арнайы жасағы
Полицияның арнайы жасағы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Франция билігі елдегі тәртіпсіздікке байланысты көшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 40 мың полицейді жұмылдырмақ. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин мәлімдеді.

Ішкі істер министрінің айтуынша, Париж бен оның маңындағы қалалар мен елдімекендердегі қауіпсіздікті 5 мың полиция қызметкері қамтамасыз ететін болады, деп жазады DW.

Басылым хабарлауынша, елдегі қоғамдық көліктердің де жұмыс уақыты қысқарған, мемлекеттегі жағдайға байланысты әзірге олардың жұмыс уақыты сағат 21:00-де аяқталады.

Парижден оңтүстік-батысқа қарай 10 километр жерде орналасқан Кламар қаласының билігі де коменданттық сағат енгізген. Бұл режим 3 шілдеге дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-ден 06.00 дейін жалғасады.

Басылым мәліметінше, Франциядағы тәртіпсіздіктер Нантер қаласындағы полиция қызметкерінің қолынан қаза болған 17 жастағы бозбаланың өліміне байланысты туындаған. Марқұм ІІМ өкілдерінің көлікті тоқтату талабына бағынбағандықтан полицейлердің бірі оны атқан. Оқ жарақатын алған бозбала оқиға орнында көз жұмған.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, халықтың наразылығын тудырып, елде тәртіпсіздіктер басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Франция билігі бозбаланың өліміне байланысты туындаған тәртіпсіздікке қатысушы 150 адамды ұстаған еді.

Сондай-ақ жергілікті телеарналар жасөспірімді атты деген полицейдің де қамауда екенін хабарлаған болатын. Күдікке ілінген тәртіп сақшысы өз әрекетін көлік жүргізушісін тексермек болған кезде ол газды басып, өзін басып өтпек болған соң оқ атқанын айтып түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2026883-17-zastagy-bozbalanyn-olimi-franciyada-kosedegi-qauipsizdikti-qamtamasyz-etu-usin-40-myn-policei-zumyldyrylmaq/