Мәскеуге тағы да дрондармен шабуыл жасалды: бірнеше ғимаратқа зақым келген (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесейдің Қорғаныс министрлігі мен Мәскеу мэрі Ресей астанасына тағы да ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шабуыл жасағаны туралы ресми мәлімдеме жасады. Ресей астанасының тұрғындары болса әлеуметтік желіде оқиға орынан түсірілген кадрлармен бөлісуде.
Mash Telegram-арнасы таңертең Мәскеудегі Комсомольский даңғылында дронның дыбысы естіліп, артынан жарылыс болғанын жазды.
Baza Telegram-арнасы да төтенше жағдай орын алған оқиға орнында түсірілген кадрларды бөліскен.
"Жарылыс Лихачев көшесінде де болды", деп хабарлайды "Срочно, Сейчас" Telegram-арнасында.
"Дрон дүкен ғимаратына соғылып, ғимараттың жоғарғы қабаттарының терезелері сынған", - деп жазылған арна мәліметінде.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің Telegram-арнасында Ресей Федерациясының астанасына ұшқышсыз ұшақтардың соққы жасағанын растады.
"Бүгін таңғы сағат төртте (Астана уақытымен 7-де – ред.) дронның екі ғимаратқа соққы беруі тіркелді. Ешқандай ауыр зардаптар болған жоқ және зардап шеккендер жоқ. Барлық жедел қызмет оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Собянин.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі де РИА Новости агенттігіне Мәскеудегі нысандарға екі ұшқышсыз ұшақ соққы жасағанын растады.
"Екі ұшқышсыз ұшу аппараты радиоэлектронды құрылғымен жойылып, апатқа ұшырады", - деп хабарлады ведомство.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2029762-maskeuge-tagy-da-drondarmen-sabuyl-zasaldy-birnese-gimaratqa-zaqym-kelgen-video/