Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мароккода алапат жер сілкінісінен 300-ден аса адам көз жұмды

Жарияланған күні:

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Көрнекі фото: Anadolu агенттігі

9 қыркүйекке қараған түні Мароккода 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Апат ошағы Марракештен 77 шақырымда болған, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі Рабаттан Сиди-Ифни қаласында сезілген.

Марокконың ұлттық геофизикалық институты жер сілкінісінің магнитудасы 7-ге жеткенін, ал эпиошағы Марракештен 80 шақырымда болғанын растады.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 300 адамнан асып кеткен.

Еуроодақ басшысы Шарль Мишель қайғылы жағдайға байланысты Мароккоға көмек қолын созатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2035946-marokkoda-alapat-zer-silkinisinen-600-den-asa-adam-koz-zumdy/