Белі мен мойнына орап алған: қытайлық әйел 20 жыланды денесіне жасырып өткізбек болған
Жарияланған күні:
Қытайда 20 экзотикалық жыланды әуежайдан алып өтпек болған әйел ұсталды. Оқиға оңтүстік Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында болған, деп хабарлайды Мир24 арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қытайлық әйел контрабандалық жолмен тоғыз кеңалқым жылан, алты шошқамұрынды жылан, төрт ірі сары аяқты жылан мен бір кесірткені алып өтпек болған.
Кеденшілер күдіктінің үстіндегі жабысып тұрған киіміне және жүріс-тұрысына ерекше мән береді.
Тексеру кезінде әйелдің белі мен мойнына оратылған жыландар табылды. Сондай-ақ ол жәндіктерді қалтасына да тығып қойған.
Қытайда экзотикалық жәндіктер контрабандасына тыйым салынған. Сирек кездесетін жәндіктерді тасымалдау үшін ресми түрде рұқсат алу керек. Заң бұзушылар түрмеге тоғытылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2036185-beli-men-moinyna-orap-algan-qytailyq-aiel-20-zylandy-denesine-zasyryp-otkizbek-bolgan/