Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильдегі қақтығыстың екінші күні: жүздеген адам көз жұмып, ондаған израильдік кепілге алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Газадағы қираған ғимарат
Газадағы қираған ғимарат. Көрнекі фото: Sameh Rahmi/NurPhoto via Getty Images

Жексенбі күні Газа секторы маңындағы Израиль аумағында жергілікті әскерилер мен ХАМАС ұйымыны арасындағы қақтығыс жалғасқан.

Израиль қауіпсіздік күштері Газа секторындағы палестиналық сарбаздар кепілге алған адамдарды құтқару әрі сенбі күні басып алынған аймақтарды тазарту операциясын жүргізіп жатыр.

Израиль қауіпсіздік күштері жексенбі күні таңертең әскерилер 22 нысанды бақылауға алғанын, бірақ әлі сегіз нысанды қайтару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

BBC News орыс басылымының хабарлауынша, зымырандар атқылауы әрі жүздеген ХАМАС сарбазының күтпеген шабуылы салдарынан Израильде кемінде 700 адам көз жұмған.

Израильдің жауапты соққысынан кейін Газада 370-тен астам адам қаза тапқан.

Израиль әскерилерінің мәліметінше, Израильдегі қақтығыс кезінде 400 палестиналық сарбаз көз жұмып, ондаған адам тұтқындалған.

ХАМАС ұйымы жүзге жуық израильдікті, оның ішінде әскерилерді әрі қарапайым азаматтарды кепілге алған.

Жалпы екі тараптан 4 мыңға жуық адам жарақат алған.

Жексенбі күні Израиль үкіметі елдегі әскери жағдай туралы дабыл қақты.

Бір күн бұрын премьер-министр Биньямин Нетаньяху оның елі "ұзақ әрі ауыр соғысты" бастап жатқанын айтты. Сондай-ақ ол Газаны басып алған ХАМАС сарбаздары жасырынған жерлер "үйіндіге айналатынын" айтты.

Израиль премьер-министрінің бұл мәлімдемесіне ХАМАС басшысы Исмаил Хания ұйым "үлкен жеңістің табалдырығында тұр" деп жауап берді. Бірақ айтқан пікірінің себебін нақтылаған жоқ.

Жексенбі күні соғыс қимылдары жүріп жатқан майдан ауданы кеңейді.

Израиль қорғаныс күштері оның артиллериясы Ливанның оңтүстігіндегі нысандарға шабуыл жасағанын хабарлады. Олардың сөзінше, бұл "Хезболла" сарбаздарының даулы жер Шебаа Фармс/Гора Дов таулы аймағындағы шабуылына жауап ретінде "террористердің инфрақұрылымына" басқарусыз ұшу аппаратының көмегімен жасалған соққы. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Иран демеушілік ететін "Хезболла" қозғалысы "палестиналықтармен бірге екенін" білдіру үшін Израильдің үш позициясын зымыранмен әрі снарядтармен атқылаған. Алайда бұған дейін Израиль мен АҚШ қарсылас тарапқа қақтығыстың шиеленісуіне жол бермеу үшін әрі аймақтық соғыстың алдын алу үшін конфронтацияға бармауын ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040114-izraildegi-qaqtygystyn-ekinsi-kuni-zuzdegen-adam-koz-zumyp-ondagan-izraildik-kepilge-alyndy/