Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ильхам Әлиев Таулы Қарабақта Әзербайжан туын көтерді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әзербайжан туы
Әзербайжан туы. Көрнекі фото: EMMANUEL DUNAND/AFP via Getty Images

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы Ханкенди (Степанакерт) қаласында және өңірдегі тағы бірнеше қалада өз елінің мемлекеттік туын көтерді, деп хабарлайды "Азертадж" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 15 қазанда Ильхам Әлиев Ханкенди қаласында республиканың мемлекеттік туын көтеріп, сөз сөйлеген.

Сонымен қатар Агдере қаласы мен Сарсангский су қоймасы аумағында Әзербайжан туы көтерілген. Бұл нысандар да Қарабақтың экономикалық ауданында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйекте мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының басшысы Самвел Шахраманян 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін республиканың мемлекет ретінде қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Республиканың ақпараттық штабының мәліметіне сай, шешім 2023 жылғы 19 қыркүйектен кейін туындған жағдайға байланысты қабылданған.

Кейін Әзербайжан билігі Таулы Қарабақтың үш экс-президентін ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2041085-ilxam-aliev-tauly-qarabaqta-azerbaizan-tuyn-koterdi/