Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та Қазақстан тумасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түрме
Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

АҚШ-та сот ИЛИМ-ге (ИГИЛ) (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) материалдық көмек көрсеткені үшін 46 жастағы қазақстандықты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ Әділет министрлігінің хабарлауынша, АҚШ азаматы 46 жастағы Руслан Асайынов ИЛИМ-ге материалдық қолдау көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ведомство мәліметіне сүйенсек, ол Сириядағы көптеген қақтығысқа қатысқан.

"Асаинов мырза отбасы мен елін тастап, ИЛИМ-нің құрамында соғысып, басқаларды да үйретуге кеткен. Қазір ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Әділет департаменті мұндай лаңкестік ұйымдарға көмектескендерді жауапқа тартады", – деді Әділет министрлігі ұлттық қауіпсіздік бөлімінің бас прокурорының көмекшісі Мэттью Олсен.

Сондай-ақ осы іс бойынша өткен баспасөз қызметі хабарламаларының бірінде АҚШ Әділет министрлігі Руслан Асаинов Қазақстан тумасы екенін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2041634-aqs-ta-qazaqstan-tumasy-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryldy/