Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жасқа енді толған Рамзан Қадыровтың ұлы Ресей Қорғаныс министрлігінің батальонына жетекшілік ететін болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Адам Қадыров пен Адам Делимханов
Адам Қадыров пен Адам Делимханов. Фото: t.me/s/adelimkhanov_95

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы Адам Ресей Қорғаныс министрлігінің құрамына кіретін шейх Мансур батальонының кураторы болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекеттік думаның Шешенстаннан сайланған депутаты Адам Делимханов Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Бұл тағайындау Адамның халқымыздың діни, отбасылық және мәдени құндылықтарын сақтаудағы елеулі үлесінің нәтижесі болды", - деп жазды депутат.

Депутат Адам Қадыров шейх Мансұр батальонының кураторы мәртебесінде жүктелген барлық міндетті орындайды деп санайды Оның айтуынша, Адамның бойында бұл үшін барлық қажетті дағды бар.

Сондай-ақ ол кіші Қадыровтың осы батальонның 2-нөмірдегі жұлдызына ие болғанын, 1-нөмірдегі жұлдыз бұған дейін Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровқа берілгенін айтты.

Айта кетейік, 24 қарашада Адам Қадыров 16 жасқа толды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2048110-zaqynda-gana-16-zasqa-tolgan-ramzan-qadyrovtyn-uly-resei-qorganys-ministrliginin-batalyonyna-zeteksilik-etetin-boldy/