Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ким Чен Ын аналар съезінде көзіне жас алды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ким Чен Ын
Ким Чен Ын. Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images

Кореяның орталық телеарнасы Ким Чен Ын көзіне жас алған сәтті көрсетті - КХДР мемлекеттік кеңесінің төрағасы аналар съезінде көзіне жас алды, деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Ким Чен Ын Кореяның Еңбек партиясы орталық комитетінің хатшысы Ли Иль Хван сөз сөйлегенде толқып кеткен. Сол кезде ел басшысының жүзі анық көрсетілген.

Басылым ақпараты бойынша, Солтүстік Корея басшысының көңілі толқуына не себеп болғаны белгісіз, бірақ диктор аналар балаларының келешегі үшін өзін құрбан етуге дайын екені туралы айтылған баяндаманың бір бөлігін оқыған кезде видеодан Ким Чен Ын көзіне жас алғанын көруге болады.

Бұл туралы Ким Чен Ынның өзі съездің ашылуы кезінде атап өтті. Ол аналардың басынан кешкен ауыртпашылығы мен олардың болашақ ұрпақ тағдыры алдындағы жоғары жауапкершілігі туралы айта отырып, көз жасына ерік берген.

"Олар жүрегінде көптеген уайымы мен ауыртпалығын жасырып, өзгелерге сыр бермеуге тырысқан әрі езумен күліп, қиындықтарды табандылықпен жеңіп шыққан. Уайым мен азаптан сұлулығы жоғалғанымен, өзінің ішкі асыл рухани әлемін сақтап қалып, әлемдегі ең сұлу және керемет жандар болып қала білді. Бұл – Отанымыздың аяулы аналары", – деп келтіреді басылым КХДР басшысының сөзін.

Ал РБК кореялық БАҚ-қа сілтеме жасап, Ким Чен Ын КХДР-дағы бала туу көрсеткіші туралы хабарды тыңдап отырып көзіне жас алғанын жазған.

Оңтүстік Кореяның Біріктіру министрлігі (ол Корей жарты аралын біріктіруді көздейді) БҰҰ деректеріне сүйене отырып, 2022 жылдың қазанына қарай Солтүстік Кореяда бала туу бойынша жалпы коэффициенті – 2023 жылы 1,79 жететінін айтты. Алайда бұл халық санын бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға қажетті – 2,1 коэффициенттен төмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2049341-kim-cen-yn-analar-sezinde-kozine-zas-aldy-video/